Хабарландырулар

shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Кафедрада өзінің ғылыми бағыты қалыптасты, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті мәселелерін шешу  үшін ғылыми негіз және әлеует бар.

Білім беру бағдарламалары бойынша базалық және бейіндік пәндер циклдерінің оқытушыларының санынан практик-мамандардың үлесі - 10% құрайды. 

Кентау трансформатор зауытымен дуальды оқыту жүйесін іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы шарт аясында практик-мамандар “Электр станциялары”, “Электр станцияларының электр техникалық жабдықтарын пайдалану және ұйымдастыру”, “Электр желілері мен жүйелері“, “Электр машиналары мен трансформаторларды  жобалаудың автоматтандырылған жүйелері“, “Машина бөлшектері және құрастыру негіздері“ пәндері бойынша сабақтарды зауытта жүргізеді.

Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум түзіліп, 6В07153 - Электр энергетикасы бірлескен білім беру бағдарламасы әзірленді.

2026-2027оқу жылының күзгі семестрінде Бірлескен білім беру бағдарламасы аясында 3 курс білім алушылары: Әбжаппар Зарина, Иса Мариям, Өсербай Керімхан, Бахтияров Суннат Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне оқуға жіберілді. 

2023-2024 оқу жылында 6В07153-Электр энергетикасы ББ білім алушысы Ерматов Темур "Орхун" академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркия Республикасы Бурса Ұлыдағ университетіне оқуға жіберілді. 

3-курс білім алушылары Ордабек Аяулым, Ербакытұлы Нұрсултан өндірістік практикаларын Түркия Республикасы Аэроғарыш өнеркәсібі “TUSAŞ” АҚ-да өтіп келды.

16.10.23-19.10.23 жж. аралығында «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркиядан шақыртылған доктор, профессорлар Нихат Өзтүрік, Едал Ирмак келіп семинар өткізіп, тәжірибе алмасты.

Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмысы білім беру қызметімен тығыз байланысты. "Жаңартылатын энергия көздері негізінде жұмыс істейтін гибридті жел генераторын зерттеу және құрастыру", "Шағын техникалық жүйелер үшін пик трансформаторының конструкциясын әзірлеу" және т. б. тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауға, оның ішінде республикалық конкурстарға, пәндік олимпиадаларға және т. б. қатысуға тартылатын білім алушылар саны артып келеді.

Кафедра білім алушылары жыл сайын университет өткізетін студенттік конференцияларға қатысады, осы конференцияларда баяндама жасайды, стартап – жобаларға, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстарына қатысады. 

2025-2026 оқу жылында 6В07153 - Электр энергетикасы білім беру бағдарламасының білім алушысы Нысан Нұрахмет Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін ҚР БҒМ III-дәрежелі Дипломымен марапатталды.