Хабарландырулар

shape
shape

Кафедраның мақсаттары мен міндеттері

  • Басты бет
  • Кафедраның мақсаттары мен міндеттері

Білім беру мақсаттары

Кафедраның мақсаты

Университеттің стратегиялық даму басымдықтарына сәйкес білім беру, ғылым, инновация және өндірістік ынтымақтастықты ұштастыру арқылы Инженерия және инженерлік іс салаларында бәсекеге қабілетті мамандар мен зерттеушілер даярлау

 

Кафедраның міндеттері

01 Білім беру сапасын арттыру

Бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының, өндірістің және технологиялық дамудың талаптарына сәйкес жаңарту.

Теориялық білімді практикалық даярлықпен, жобалық оқытумен және ғылыми зерттеулермен ұштастыру.

Білім беру сапасын бағалау, кері байланыс және бағдарламаларды үздіксіз жетілдіру тетіктерін дамыту.

 

02 Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту

Энергетика, автоматтандыру және басқару, машина жасау бағыттарындағы зерттеулерді қолдау.

Ғылыми жобаларға қатысуды, сапалы жарияланымдар дайындауды, патенттеуді және зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуді ынталандыру.

Студенттерді, магистранттарды ғылыми зерттеулерге, стартаптар мен инновациялық жобаларға тарту.

 

03 Өндірістік серіктестікті нығайту

Кәсіпорындармен бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру.

Практика базаларын кеңейту, білім беру үдерісіне практик-мамандарды тарту және өндірістік міндеттерге негізделген жобаларды дамыту.

Түлектердің кәсіби бейімделуіне және жұмысқа орналасуына ықпал ету.

 

04 Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

Шетелдік университеттермен және ғылыми ұйымдармен бірлескен зерттеулер мен білім беру бастамаларын дамыту.

Білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын, ғылыми тағылымдамаларын және тәжірибе алмасуын қолдау.

Инженерлік білім берудің халықаралық тәжірибесін оқу үдерісіне енгізу.

 

05 Кадрлық және зертханалық әлеуетті арттыру

Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін, педагогикалық шеберлігін және зерттеушілік құзыреттерін жетілдіру.

Оқу зертханаларды, цифрлық ресурстарды дамыту.

Зертханалардың білім беру, ғылыми зерттеу және өндірістік жобаларда тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.