Хабарландырулар

shape
shape

Кафедра тарихы

Тарихы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде  Энергетика және жаратылыстану пәндері кафедрасы Сенатының шешімімен 2008 жылы қыркүйек айының 01 жұлдызынан Түркістан Гуманитарлық ғылымдар және бизнес институты Жаратылыстану кафедрасының негізінде қайта құрылды.

2014 жылы қыркүйек айының 01 жұлдызынан бастап Инженерия факультеті, Электр инженериясы кафедрасы болып өзгертілді.

Кафедра меңгерушісі қызметіне кәзіргі таңда техн.ғ.к., доцент Абдикулова Зағипа Киргизбаевна тағайындалды.

2026-2027 оқу жылында Электр инженериясы кафедрасында штат бойынша 15 оқытушы-профессор құрамы, оның ішінде 3 — ғылым докторы, 2 — ғылым кандидаты, 2- PhD, 3 — аға оқытушы, 1 – магистр оқытушы,1-оқытушы, 3-практик маман  жұмыс атқарады. 

Кафедра  «6В07153 - Электр энергетикасы», «6В07154-Автоматтандыру және басқару» және «6В07189-Машина жасау» білім беру бағдарламаларының бакалаврларын, 7М07130-«Электр энергетикасы», 7М07158-«Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламалары бойынша техника ғылымдарының магистрлерін дайындауда. Кафедра Инженерия және инженерлік іс бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

 

Электр инженериясы кафедрасы білім, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, энергетика саласының тұрақты дамуына үлес қосатын бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.

Кафедраның негізгі мақсаты – заманауи өндіріс талаптарына сай кәсіби құзыретті, цифрлық технологияларды меңгерген, электр энергетикалық жүйелерді жобалау, пайдалану және жаңғырту міндеттерін шеше алатын мамандар даярлау.

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру;
  2. Дәріс, практикалық және зертханалық сабақтарды ұйымдастыру;
  3. Электр станциялары мен желілерін жобалау және пайдалану;
  4. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;
  5. Цифрлық мониторинг, диагностика және IoT технологияларын қолдану;
  6. Релелік қорғаныс және автоматика жүйелерін оқыту;
  7. Өнеркәсіптік электроника және автоматтандыру технологияларын меңгерту;
  8. Машина жасау технологиясын жетілдіру
  9. Металдарды механикалық өңдеу
  10. Машиналар мен механизмдерді жобалау
  11. Конструкциялық материалдар және материалтану салаларын зерттеу

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру.

Кафедра энергетикалық кәсіпорындармен, электр станцияларымен, өндірістік ұйымдармен және жабдық өндіруші зауыттармен ынтымақтастық орнатады. Әлеуметтік серіктестер студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне, дипломдық жобалардың тақырыптарын әзірлеуге, зертханаларды жабдықтауға және түлектерді жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетеді.