shape
shape

Кафедраның мақсаттары мен міндеттері

  • Басты бет
  • Кафедраның мақсаттары мен міндеттері

Кафедраның мақсаты:
Заманауи ғылым мен білім беру талаптарына сай түрік тілі мен түркі әлемінің тілдік, әдеби және мәдени мұрасын терең меңгерген, іргелі ғылыми-зерттеу дағдылары қалыптасқан, инновациялық технологияларды тиімді қолдана алатын, мәдениетаралық коммуникацияға бейім, бәсекеге қабілетті білікті филолог және түркітанушы мамандар даярлау.

Кафедраның міндеттері:

«Шетел филологиясы: түрік тілі» және «Түркітану» білім беру бағдарламалары бойынша халықаралық стандарттарға сай сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

Білім алушылардың тілдік, филологиялық, аудармашылық және ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін жан-жақты дамыту.

Оқу үдерісіне заманауи цифрлық, инновациялық технологиялар мен оқытудың озық әдістемелерін енгізу.

Түркітану және түрік филологиясы салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, түркітілдес елдердің жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Түркі халықтарының ортақ рухани-мәдени мұрасын, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін, кәсіби икемді мамандар қалыптастыру.